Басты бет Жаңалықтар Әнші Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырды

Әнші Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырды

"МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Мейрамбек Бесбаев. Фото ашық дереккөзден

Кеше күндіз жедел жәрдем шақырдық. Оның жағдайы бірден нашарлады. Басында пневмония деді, сосын коронавирус екенін айтты, — деді «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай.

Оның айтуынша, әнші қазір өзін жақсы сезінеді.

Кеше кешке өзімен сөйлестім. Қалқамандағы №7 аурухана дәрігерлеріне алғыс айтты. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, үйде отыруын сұрайды, — деді Ерлан Жүнісбай.

Мейрамбек Бекспаев — 2000-жылдардың басында танымал болған әнші. Сәкен Майғазиев, Мақсат Базарбаев сияқты достарымен бірге «МузАРТ» тобын құрған. Ол 2017 жылы өнердегі 30 жылын атап өтті.

Exit mobile version