Басты бет Қоғам Қазақстанда 2021 жылы ауыл округі әкімдерін сайлау өтеді

Қазақстанда 2021 жылы ауыл округі әкімдерін сайлау өтеді

Биыл жекелеген ауыл округтері әкімдерін сайлау өтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясында айтты.

Иллюстрация: Freepik.es

Тағы бір маңызды қадам — ауыл әкімдерін сайлау. Биыл жекелеген ауыл округтерінде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл — өте маңызды мәселе. Сондықтан алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады. Алайда, мұнымен де шектеліп қалмауымыз керек, — деді президент.

Exit mobile version