Басты бет Қоғам Президент Үкімет туралы жарлыққа қол қойды

Президент Үкімет туралы жарлыққа қол қойды

Қазіргі Үкімет өкілетін доғарды. Жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндетін атқарады. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай жарлық шығарды.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Құжат Ақорданың сайтында жарияланды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген құжатта. 

Exit mobile version