Басты бет Қоғам Тұңғыш Президент Нұрлан Нығматулинге фракция басшысы лауазымын ұсынды

Тұңғыш Президент Нұрлан Нығматулинге фракция басшысы лауазымын ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Нығматулинге Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі болуды ұсынды. Бұл туралы тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-парақшасында жазды.

Нұрлан Нығматуллин. Фото @Aidos_Ukibay Твиттер-парақшасынан алынды.

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Парламент фракциясы отырысына қатысып жатыр.

Фракция отырысы кезінде Nur Otan партиясы төрағасы Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясы жетекшісі қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды, — деп жазды Айдос Үкібай.

Нұрлан Нығматулин бұған дейін де Мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясы жетекшісі қызметін атқарған.

Exit mobile version