Басты бет Қоғам Президент Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі елшісін қызметінен босатты

Президент Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі елшісін қызметінен босатты

Айгүл Құспан Солтүстік Атлант шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы қызметін қоса атқарудан да босатылды.

Айгүл Құспан. Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Тиісті құжат Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы қызметін қоса атқарудан босатылды, — делінген жарлықта.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 14 қаңтарда тұңғыш президент — Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжановты да қызметінен босатты.

Exit mobile version