Басты бет Медицина Қазақстанның екі өңірі коронавирус бойынша «қызыл» аймақта

Қазақстанның екі өңірі коронавирус бойынша «қызыл» аймақта

12 қаңтардағы эпидемиология ахуалы бойынша "қызыл" аймақта 2 өңір - Ақмола және Қостанай облыстары бар.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінше, «сары» аймаққа Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан мен Алматы кіреді.

Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Еске салайық, өткен тәулікте (11 қаңтарда) 692 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Алматыда 110, Алматы облысында 75, Атырау облысында 74 науқас тіркелді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 163 711-ге жетті.

Exit mobile version