Басты бет Қоғам 9-11 қаңтар аралығында оңтүстік өңірлерде күн жылиды

9-11 қаңтар аралығында оңтүстік өңірлерде күн жылиды

Алдағы тәуліктерде қатты аяздың беті қайтады.

Фото: Аllwallpaper.in

«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, Қазақстанның көп өңіріндегі ауа райына циклон жырасы әсер етеді.

Осыған байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы оң көрсеткішке дейін көтеріледі. Республиканың басым бөлігінде бұрқасынмен қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын болады. Кей жерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 7-9 қаңтар күндері күн жауын-шашынсыз, бірақ аяз болатыны хабарланған еді.

Exit mobile version