Басты бет Қоғам Кандидаттар 5 жылда халыққа қандай қолдау көрсетілетінін баяндады

Кандидаттар 5 жылда халыққа қандай қолдау көрсетілетінін баяндады

Бүгін Жамбыл ауылдық округінде  аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Нұрлан Ахметжанов, Райхан Жүнісова, Ануар Таубалдиев пен Балжан Досалы округ халқымен кездесті.

Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Мәдениет үйінде өткен жиналыста кандидаттар ауыл халқына Nur Otan партиясының 5 жылдық сайлауалды бағдарламасын таныстырып, тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері туралы сөз қозғады.

Жамбыл ауданы, Nur Otan
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Сондай-ақ Nur Otan партиясының алдағы уақытта халыққа барынша көмек қолын созатынын жеткізді.

Жиын соңында ауыл тұрғындары атынан сөз алған Ермек Шаштайұлы Nur Otan партиясының атынан мәслихат депутаттығына түсіп отырған кандидаттарға алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ескерту: Nur Otan партиясы Жамбыл аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Exit mobile version