Басты бет Медицина Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 160 мыңнан асты

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 160 мыңнан асты

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы тағы 831 адамнан анықталды, 723 пациент аурудан айықты, 73 науқас қайтыс болды.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Anastasia Golikova

Ең көп науқас Алматыда тіркелді, мұнда кейінгі тәулікте 128 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Атырау облысында 107, Нұр-Cұлтанда 76 дерек анықталды.

Алматыда — 19 266(+128);
Шығыс Қазақстан облысында — 19 172(+50);
Нұр-Сұлтанда — 19 089(+76);
Атырау облысында — 14 173(+107);
Қарағанды облысында — 12 333(+35);
Павлодар облысында — 9 665(+87);
Батыс Қазақстан облысында — 9 482(+43);
Солтүстік Қазақстан облысында — 9 024(+57);
Қостанай облысында — 7 977(+65);
Ақмола облысында — 7 658(+59);
Алматы облысында — 7 476(+56);
Шымкентте — 5 555(+18);
Жамбыл облысында — 5 094(+17);
Маңғыстау облысында — 3 779(+8);
Ақтөбе облысында — 3 741(+12);
Түркістан облысында — 3 737(+9);
Қызылорда облысында — 3 429(+4).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 160 650-ге жетті, барлығы 147 512 адам COVID-19-дан жазылды, 2 352 науқас қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

76 дерек тіркелді, 106 адам жазылды.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 46 190 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, 519 науқас қайтыс болды, барлығы 33 681 адам жазылды.

Exit mobile version