Басты бет Медицина Атырау облысы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа оралды

Атырау облысы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа оралды

Бұған дейін өңір "сары" аймақта еді.

Фото: Айгүл Хожантаева

Қазіргі уақытта Атырау облысында коронавирус жұқтырған науқастар саны көбейіп жатыр. Сол себепті өңір «қызыл» аймаққа қайта кірді. Кейінгі тәулікте мұнда 101, бүгінге дейін барлығы 13 991 адамнан коронавирус анықталды.

«Сары» аймақта Нұр-Cұлтан мен Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары бар.

Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда «қызыл» аймақта бірде-бір облыс жоқ екені хабарланған еді.

Exit mobile version