Басты бет Жаңалықтар Геннадий Головкин тағы бір рейтинг бойынша топ жарды

Геннадий Головкин тағы бір рейтинг бойынша топ жарды

SecondsOut.com порталы салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) үздік боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

SecondsOut.com — бокс туралы жаңалықтар мен сұхбаттар жариялайтын әлемдік портал. Аталған рейтингте бірінші орында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0) тұр. GGG 18-наурыз күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында Дэниел Джейкобспен (32-1) кездеседі.

Екінші орынға никарагуалық Роман Гонсалес (46-0, 38 КО), үшінші орынға америкалық Андре Уорд (31-0) жайғасқан.

SecondsOut.com бойынша он үздік боксшылар тізімі:
1. Геннадий Головкин (36-0)
2. Роман Гонсалес (46-0)
3. Андре Уорд (31-0)
4. Сергей Ковалёв (30-1-1)
5. Василий Ломаченко (7-1)
6. Мэнни Пакьяо (59-6-2)
7. Теренс Кроуфорд (29-0)
8. Синсукэ Яманака (26-0-2)
9. Сауль Альварес (48-1-1)
10. Хуан Франсиско Эстрада (34-2).

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшыны Decisión Dividida порталы да үздік деп таныған болатын. Сондай-ақ, Геннадий Головкин маркетингтік әлеуеті басым спортшылардың ТОП-50 қатарына кіреді. Бұл тізімде Геннадий Португалия құрама командасы және Реал Мадрид клубында өнер көрсететін футболшы Криштиану Роналдудан жоғары сатыда тұр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version