Басты бет Қоғам 24-26 желтоқсан күндері 38 градусқа дейін аяз болады

24-26 желтоқсан күндері 38 градусқа дейін аяз болады

Республиканың солтүстігінде 30-38 градус аязға дейін суық болады. "Қазгидромет" синоптиктері алдағы 3 тәуліктің ауа райына осындай болжам жасады.

Фото: Media.publika.md

Еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасының аздап көтерілуіне әсер еткен циклон жырасы Қазақстаннан тыс жерлерге тез ауысады.

Ал оның артынан арктикалық ауа массаларымен Кар теңізі аудандарынан суық антициклон келеді, сол себепті 25 желтоқсаннан бастап солтүстік аймақтарда ауа температурасы түнгі уақытта 30-38 аязға дейін күрт төмендейді, — делінген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.

Exit mobile version