Басты бет Қоғам 22 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы барлық шырша шамы жағылады

22 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы барлық шырша шамы жағылады

Бүгін, 22 желтоқсан күні сағат 20.00-де Нұр-Сұлтанда барлық жаңажылдық шырша шамы жанады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Нұр-Cұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Карантинге байланысты азаматтар іс-шараларға жаппай қатыспағаны, санитария нормаларын қатаң сақтағаны дұрыс.

Бүгін азаматтарды үйдегі шырша шамын жағуға қатысуға шақыратын бейнеролик жарияланды.  Бұл флешмобқа кез келген адам қатыса алады. Телефонға видео немесе фото түсіріп, әлеуметтік желілерге Нұр-Сұлтан әкімдігі парақшасын белгілеп, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялауға болады.

Сонымен бірге астана тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен танымал адамдар, эстрада артистері, актерлар және тағы басқалары видеомен құттықтайды.

Exit mobile version