Басты бет Медицина Қазақстан «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастады

Қазақстан «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастады

Премьер-министр Асқар Мамин Қарағанды фармацевтика кешеніне барды. Ол "Спутник V" вакцинасын өндіруді бастап берді.

Фото: Primeminister.kz

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

вакцина
Фото: Primeminister.kz

Кешен базасында вакцинаның кезең-кезеңімен 2 миллион дозасы өндіріледі.

Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакцинасын егу 2021 жылдың ақпан айында басталады. Екпе медицина қызметкерлеріне, педагогтарға, студенттерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингентіне, сонымен бірге созылмалы аурулары бар адамдарға салынады, — деді Аcқар Мамин.

Фото: Primeminister.kz

Exit mobile version