Басты бет Жаңалықтар Қазақстанды Ресейге қосуды үндеген тұрғын 5 жылға сотталды

Қазақстанды Ресейге қосуды үндеген тұрғын 5 жылға сотталды

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Игорь Чуприн "әлеуметтік желілерде Ресейге қосылу туралы жазып, халықаралық араздық туғызғаны үшін" бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Игорь Чуприн сот залында

Тергеу мәліметі бойынша, 37 жастағы Чуприн 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 20 мамыры аралығында ВКонтакте әлеуметтік желісінде «Солтүстік Қазақстан облысын Ресейге қосу» туралы пікірлер қалдырған.

Алайда, Чуприн соттағы соңғы сөзінде: «Мен қозғаған тақырыпты бірден басқа жаққа бұрып әкетті, Ресейдің Қазақстанға қосылған облыстары бейнеленген ұлттық картаны маған жолдады. Ол кезде мен бұл қолданушылардың арандатушылық ниетін түсінбедім, солармен сөз таластырдым»,-деп, қазақ халқынан кешірім сұрайтынын мәлімдеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version