Басты бет Қоғам Депутаттыққа үміткерлер «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жүргізді

Депутаттыққа үміткерлер «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жүргізді

Сайлау науқанында көптеген шара мен акция, тұрғындармен бейресми кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Мақсат - сайлаудың белсенді әрі ашық өтуі үшін халықтың ақпараттық білімін арттыруға үлес қосу.

Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Сондай шаралардың бірі — «Есіктен есікке» акциясы. Бүгін Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жуалыой ауылында облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер кандидаттар Алихан Досмухамбетов және Алтынбек Ермекқалиев  «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жүргізіп Жаңақала ауданынының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Жаңақала ауданы, Nur Otan
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Жаулыой ауылының тұрғындарына өздерінің ерікті түрде сайлауға барып, таңдау жасауға құлықты екенін жеткізді. Сонымен қатар тұрғындардың жағдайымен танысып, ауыл мәселелері туралы сөйлесті.

Сондай-ақ  2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

Ескерту: Материалдың ақысы Nur Otan партиясы Жаңақала аудандық штабының сайлау қорынан төленді.

Exit mobile version