Басты бет Қоғам 14 желтоқсан бастап өңірлер карантинге жабылатыны рас па?

14 желтоқсан бастап өңірлер карантинге жабылатыны рас па?

Қазақстан азаматтары мессенджерлерде 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы ақпаратты бөлісіп жатыр.

Фото: Coronavirus-control.ru

Хабарлама ҚР премьер-министрінің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған.

Stopfake.kz порталының хабарлауынша, бұл — бұрмалау.

Фото: Stopfake.kz

Өйткені премьер-министрдің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

Бұл хабарлама шындыққа сай келмейді, құжаттың фотосуреті — фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокпостар орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге үндейміз, — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Exit mobile version