Басты бет Қоғам Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының иегерлері белгілі болды

Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының иегерлері белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы иегерлерін марапаттау туралы жарлық шығарды.

Фото: Тұрар Қазанғапов

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2020 жылғы Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы: 

медицина саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Төрегелді Шарманұлы Шармановқа;

білім және ғылым саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді  нығайтуға қосқан  ерекше үлесі үшін Шигео Катсуға берілсін».

Exit mobile version