Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев садақаны онлайн беру туралы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев садақаны онлайн беру туралы айтты

Президент электрон қайырымдылық саласында азаматтарды алаяқтардан қорғау жүйесін әзірлеуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанның әрбір үшінші азаматы онлайн садақа беруді жөн көреді. Бүгінде бұл — қаржылай көмек аударудың танымал түрі.

Алаяқтыққа жол бермей, азаматтардың сеніміне көлеңке түсірмеу үшін онлайн-банкингтер арқылы садақа беру қызметін жедел пайдалану тетігін енгізу қажет. Бұл қаражаттың түсуін және жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді, — деді президент.

Exit mobile version