Басты бет Қоғам Мемлекеттік Туды енді балконға ілуге болады

Мемлекеттік Туды енді балконға ілуге болады

Қазақстандықтарға патриоттық сезімдерін білдіру үшін еліміздің Мемлекеттік Туын ғимараттар мен балкондарда ілуге рұқсат етілді. Қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды.

Мемлекеттік ту. Фото: Akorda.kz

27 қарашада Үкімет 2007 жылдың 2 қазанында шығарған № 873 қаулысына өзгерістер енгізді.

4-тармақтың «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидалары» туралы бірінші бөлігі енді мынадай болып өзгерді:

Мемлекеттік Туды жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана (орнатуы, орналастыруы) алады, — делінген қаулыда.

Еске салайық, 2020 жылдың 27 қазанында Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың Мемлекеттік Туды кеңінен қолдану туралы айтқан ұсынысын қолдайтынын жазды.

Exit mobile version