Басты бет Қоғам Биыл күздің соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Биыл күздің соңғы күндері ауа райы қандай болады?

28-30 қараша күндері елімізде синоптика процестері ауысады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМҚ мамандары хабарлады.

Иллюстрация: Dribbble.com ©Ksenia Shokorova

Қарашаның соңғы күндері Қазақстан аумағының көп өңірі оңтүстік циклонның ықпалында болады.

Соның әсерінен қар жауады, кей өңірде қар көп мөлшерде түседі, сонымен бірге көктайғақ, бұрқасын болады және жел күшейеді. Алайда кезеңнің ортасынан бастап ауа райын кең антициклон анықтайды, сол кезде жауын-шашы тоқтайды және ауа температурасы төмендейді, — делінген хабарламада.

 

Exit mobile version