Басты бет Қоғам Түркістан: Қазығұрт ауданының кәсіпкері 10 дана оттегі концентратын сыйға тартты

Түркістан: Қазығұрт ауданының кәсіпкері 10 дана оттегі концентратын сыйға тартты

Індетке шалдығып, өздігінен демала алмайтындарға бұл үлкен көмек болмақ.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жергілік кәсіпкер аудандық орталық ауруханаға 10 дана оттегі концентратын тарту етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде Үкімет мүшелерімен, орган басшыларымен, қалалар мен облыстардың әкімдерімен видеоконференция режимінде өткізілген кеңесте:

Пандемия кезінде отандық дәрігерлердің тиісті тәжірибе жинағанын, бұл дерттің негізгі белгілерін айқындап, онымен күресу жолдарын үйренді. Қазіргі міндет – көктемдегідей жаппай карантинге жеткізбей, пандемияны ауыздықтау — деп айтып өткен болатын.

Бұл тұрғыда өңірдегі дәрігерлер де пандемияның ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстарын пысықтап отыр.

Аудандық ауруханалар қажетті аппараттар мен дәрі-дәрмек қорын жеткілікті деңгейде сақтауда.

Exit mobile version