Басты бет Қоғам Қазақстанның қай қалаларында ауаның ластануы байқалды?

Қазақстанның қай қалаларында ауаның ластануы байқалды?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан бойынша ауасы ең көп ластанған 10 қаланы атады.

Фото: Іnform.kz

Баршамызды келесі негізгі экология проблемалары алаңдатып отыр. Бұл — ауа мен жерүсті суларының ластануы, қалдықтарға байланысты жұмыстың жетілмеген жүйесі, сонымен бірге ежелден ластанған жерлер мен көгалдандырудың жетіспеушілігі, — деді министр.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, 2019 жылғы экология мониторингіне сәйкес, 45 елдімекен ішінде 10 қалада атмосфералық ауа көп ластанған.

Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент. Сонымен бірге ластаушы заттар шығарындылары едәуір көлемі Павлодар облысына тиесілі, — деді ол.

Exit mobile version