Министрдің айтуынша, Алматының ластануына ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 жылу көздері, автокөліктер және қалаға іргелес Алматы облысының газдандырылмаған жеке үйлері себеп болып отыр.
Алматының экология жағдайын жақсарту үшін дайындалған жол картасында 20 іс-шара қарастырылған. Оның ішінде негізгісі — ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті газға ауыстыру. Қалаға іргелес жатқан жекеменшік үйлерді газдандыру, коммуналдық және қоғамдық автокөліктерді табиғи газға көшіру, дизель отынымен жүретін қоғамдық көлікке кезең-кезеңімен тыйым салу, транзиттік көліктердің кіруіне, жүруіне шектеу қою жағын қарастыру және көгалдандыру, — деді ведомство басшысы.
Мағзұм Мырзағалиевтің мәліметінше, экология мониторингіне сәйкес, Алматы ауасы ең лас 10 қалаға кіреді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру туралы айтқан еді.