Басты бет Қоғам Қызылорда облысында жыл басынан бері құқықбұзушылық саны 36% төмендеген

Қызылорда облысында жыл басынан бері құқықбұзушылық саны 36% төмендеген

Жыл басынан бері Қызылорда облысында қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 36% – 4843-тен 3108-ге дейін қысқарды. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова брифингте мәлімдеді.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Vladimir Podvorniy

Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны бойынша Қызылорда облысы республика бойынша 17-ші орында.

Облыста қылмыстың алдын алу бойынша арнайы өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді. Полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлініп, 13 бірлік жылдамдық режимін анықтайтын стационар  құрылғы, 22 қызметтік автомобиль, оның ішінде 20 ауылдық учаске инспекторларына, 150 термопринтермен қамтылған планшет, 47 қамтылған портатив бейнетіркегіш және басқа құрылғылар сатып алынды, – дейді аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова.

Exit mobile version