Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда тағы 822 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда тағы 822 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар Шығыс Қазақстан облысында (227) көп анықталды. Одан кейінгі орындарда Павлодар облысы (95), Солтүстік Қазақстан облысы (87) және Алматы қаласы (84) тұр.

COVID-19 құрылымы, сарымен белгіленген вирустың геномы (РНҚ). Дереккөз: u-tokyo.ac.jp

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 124 710 адамға жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 15542(+84),
Нұр-Сұлтанда -15511(+63),
Шығыс Қазақстан облысында — 14877 (+227),
Атырау облысында — 11510(+14),
Қарағанды облысында — 10919(+20),
Батыс Қазақстан облысында — 7687(+44),
Алматы облысында — 5495(+22),
Солтүстік Қазақстан облысында — 5432(+87),
Шымкентте -5323(+8),
Павлодар облысында — 5389(+95),
Қостанай облысында — 4624(+72),
Ақмола облысында — 4507(+59),
Жамбыл облысында — 4304(+11),
Түркістан облысында — 3454(+5),
Ақтөбе облысында -3434(+3),
Маңғыстау облысында — 3422(+2),
Қызылорда облысында -3280(+6).

COVID-19-дан айыққандар

Қазақстанда өткен тәулікте 412 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтанда — 33,
Алматыда — 22,
Ақмола облысында — 87,
Ақтөбе облысында — 2,
Атырау облысында — 1,
Шығыс Қазақстан облысында — 88,
Батыс Қазақстан облысында — 11,
Қарағанды облысында — 9,
Қостанай облысында — 82,
Павлодар облысында — 11,
Солтүстік Қазақстан облысында — 62,
Түркістан облысында — 4.

Елімізде барлығы 111 895 адам COVID-19-дан сауығып шықты. Өткен тәулікте коронавирустан 7 адам көз жұмып, жалпы статистика 1 977 адамға жетті.

Ауырып жатқандар туралы мәлімет

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 10 838 адам ем алып жатыр. Олардың арасында 511 бала бар. Стационарларда 3 127 науқас жатыр, 7 711 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 224 адамның жай-күйі нашар. Соның ішінде 24 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Коронавирус белгілері бар пневмония

Өткен тәулікте 154 дерек тіркелді, 1 науқас қайтыс болды. Бір тәулік ішінде 91 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 41 002 адамнан пневмония анықталды, оның 425-і қайтыс болды, 29 960 адам сауығып шықты.

Exit mobile version