Басты бет Қоғам Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматыда Жомарт Ертаев және Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша басқа да айыпталушыларға қатысты үкім шықты.

Жомарт Ертаев. Фото: Tengrinews.kz

Сот үкімімен экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды.

Мемлекеттік айыптау Жомарт Ертаев кінәсін мойындағанын, қылмыстық істі тергеуге көмектескенін, залалды ішінара өтегенін, сонымен бірге кәмелетке толмаған балалары барын ескерген.

Айта кетейік, осы іс бойынша 37 адам сот алдына келді. Прокурор олардың 36-сын кінәлі деп тануды сұрады. Сотталушылардың бірі қайтыс болды.

Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот 2019 жылдың соңыда басталды. Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған. Қылмыстық іс 46 эпизод және 700 томнан тұрады. Айыптау актісінде 3600-дан аса парақша бар.

Exit mobile version