Басты бет Қоғам Қызылорда боксшысы Тұрсынбай Құлахмет екінші жекпе-жегінде WBC титулын иемденді

Қызылорда боксшысы Тұрсынбай Құлахмет екінші жекпе-жегінде WBC титулын иемденді

Қызылорда боксшысы Тұрсынбай Құлахмет MTK Global промоутерлік компаниясы ұйымдастырған Оңтүстік Крикбидегі (Ұлыбритания) бокс кешінде өнер көрсетті.

Фото: Оlympic.kz

Онда Тұрсынбай Құлахмет бірінші орта салмақта WBC International чемпионы вакантты белбеуі үшін жеңіліп көрмеген британиядық Маколей Макгоуэнмен (14-0-1, 3 КО) титулдық жекпе-жек өткізді.

Тоғыз раундқа есептелген айқас төрешілердің шешімімен (99-89, 99-89, 99-89) бірауыздан қазақ боксшысының жеңісімен аяқталды. Жетінші раундта британиялық нокдаунға түссе, сегізінші раундта рефери қазақстандық боксшының есебінен бір ұпай шегерді.

26 жастағы қазақстандық үшін бұл кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі болатын. Ал қарсыласы Макгоуэн алғаш рет жеңіліс тапты.

Exit mobile version