Басты бет Жаңалықтар Алматыда бір түнде 39 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Алматыда бір түнде 39 жол-көлік оқиғасы тіркелді

12 қараша кешкі уақыттан бері Алматы аумағында 39 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы қаланың полиция департаменті хабарлады.

Фото: Күнту Арынбек

9 адам зардап шекті, 2 адам қайтыс болды.

Алматы полициясы барлық көлік жүргізушісіне техника құралдарын қысқы мезгілге дайындап, дөңгелектерін ауыстыруды ескертті.

Ең бастысы, жол жүру ережелерін сақтап, жүргізуші мәдениетін ұстануға тиіс. Жол үстінде өзара сыйластық таныту — жол қауіпсіздігінің ең бірінші кепілі және алып шаһардағы жол-көлік оқиғаларын болдырмаудың бірден-бір кепілдігі екенін баса айтамыз, — делінген полиция таратқан хабарламада.

Exit mobile version