Басты бет Қоғам Tengri bank-тің бұрынғы менеджерлері ұсталды

Tengri bank-тің бұрынғы менеджерлері ұсталды

Tengri Bank-тің бұрынғы қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады. Ақпаратты Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі растаған.

Фото: Tengrinews.kz

Қаржы министрлігінің мәліметінше, Tengri Bank басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен Алматы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жадықов ұсталды.

Ведомство қосымша ақпарат кейінірек берілетінін айтқан.

Еске салайық, биыл 18 қыркүйекте Tengri bank лицензиясынан айырылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі салымшылардың, жеке тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы депозиті, төлем карточкаларындағы және банк шоттарындағы ақшасы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдігімен қорғалатынын хабарлады.

Exit mobile version