Басты бет Қоғам Владимир Зеленский коронавирус жұқтырғанын айтты

Владимир Зеленский коронавирус жұқтырғанын айтты

Украина президенті Владимир Зеленскийден коронавирус анықталды. Бұл туралы саясаткер 9 қарашада Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский.Фото: Akorda.kz

Владимир Зеленскийдің айтуынша, оның дене қызуы көтерілген, бірақ өзін жақсы сезінеді.

Барлық карантин шарасына қарамастан мен де оң нәтиже алдым. Температурам 37,5, бәріне 36,6 тілеймін! Алайда өзімді жақсы сезінемін. Өзімді оқшаулауға уәде беремін және жұмыс істей беремін. Көбі COVID-19-ды жеңіп жатыр. Мен де солай істеймін. Бәрі жақсы болады, — деп жазды ол.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийдің тезірек жазылуын тіледі.

Украина Президенті Владимир Зеленскийдің @ZelenskyyUA COVID-19 індетінен тезірек сауығып кетуін тілеймін. Қазақстан мен Украина коронавирус пандемиясына қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасады және біз барлық әлемдік қоғамдастықпен бірлесіп қауіпті індетті жеңеміз, — деп жазды Қазақстан президенті.

Exit mobile version