Басты бет Медицина Алматыда 15 қарашада блокпост қойылатыны туралы ақпарат жалған

Алматыда 15 қарашада блокпост қойылатыны туралы ақпарат жалған

Әлеуметтік желілерде Алматыда 15 қарашада блокпост қойылатыны туралы хабарлама тарап жатыр. Алайда Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып отыр.

Фото: Akorda.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады.

Алматыда эпидемиология жағдайы тұрақты, блокпост қою немесе қаланы жабу жоспарда жоқ. 15 қарашада блокпост қойылатыны туралы ақпарат жалған, — деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Айта кетейік, Алматыда өткен тәулікте 26 адамнан коронавирус анықталды, 6 науқас ауруынан айықты. Бүгінге дейін барлығы 14 966 адам COVID-19 жұқтырды.

Exit mobile version