Басты бет Жаңалықтар Адвокат: Елжан Біртанов үйқамақта

Адвокат: Елжан Біртанов үйқамақта

Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы Елжан Біртанов үйқамақта жатыр. Бұл туралы адвокаты Дмитрий Куряченко айтты.

©abctv.kz

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Сот оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған еді.

Ол 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Сол күні Елжан Біртанов өзінің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірген. Ол уақытта шенеунік коронавирус жұқтырып, ауырып жатқан болатын.

Exit mobile version