Басты бет Жаңалықтар Шымкентте карантин уақыты ұзартылды

Шымкентте карантин уақыты ұзартылды

Қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев Шымкенттегі карантин және шектеу шараларын 9 қараша 00:00-ден 23 қараша 00:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Фото: Coronavirus-control.ru

Қала тұрғындары мен қонақтарына көпшілік жиналатын іс-шаралар (туған күн, мерейтойлар, ұзату, құдалық, той, беташар және басқалары) өткізуге тыйым салынады.

65 жастан асқан тұрғындарға қалада қозғалуға шектеу қойылды.

Сонымен бірге, Шымкентте үш адамнан аспайтын топқа немесе бір отбасы мүшелеріне аулада серуендеуге, саябақтарға, алаңдарға, скверлер мен жағалауларға баруға рұқсат етіледі.

Гипермаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер және дүкендер 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Құжатты толығырақ сілтеме бойынша, сонымен қатар Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтынан оқуға ​​болады.

Exit mobile version