Басты бет Қоғам Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы ауысты

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы ауысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне Талғат Қойбақовты тағайындады.

Фото: Inform.kz

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, — делінген жарлықта.

Мұның алдында осы лауазымда отырған Мұрат Құсайынов президент жарлығымен қызметінен босады.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды, — делінген құжатта.

Exit mobile version