Басты бет Қоғам Асқар Мамин Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Асқар Мамин Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Үкіметінің басшысы Асқар Мамин Қырғыз Республикасының премьер-министрі, президент міндетін атқарушы  Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. 

Иллюстрация: Primeminister.kz

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-экономика, транзит-көлік және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады.

Еуразиялық экономикалық одақ және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сонымен бірге COVID-19 таралуына қарсы күрестегі тәжірибе айтылды.

 

Exit mobile version