Басты бет Қоғам Қазақстан 57 елдің азаматтарына визасыз режимді жарты жыл тоқтатты

Қазақстан 57 елдің азаматтарына визасыз режимді жарты жыл тоқтатты

Қазақстан мемлекеттік шекарадағы шектеуді күшейтті. 57 елдің азаматтары үшін визасыз режим 2021 жылдың 1 мамырына дейін тоқтайды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Igor_Eezo

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия бірқатар шешім қабылдады:

І. Мына азаматтар үшін мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізу:

  • ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері үшін;
  • ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болатын шетелдіктер үшін.

Аталған санаттағы тұлғалар ҚР мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған).

II. Визасыз режим бойынша

57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұруды 2021 жылдың 1 мамырына дейін ұзарту.

Қытай Халық Республикасы мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың Қазақстан аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзарту.

IІІ. Түркиямен әуе рейстері бойынша

2020 жылдың 9 қарашасынан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарту.

Exit mobile version