Басты бет Қоғам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Қызылорда ұстаздарымен кездесті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Қызылорда ұстаздарымен кездесті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің басшысы  Ғанижан Асанұлы және агенттік  жанынан құрылған  Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының  жетекшісі Ырза Тұрсынзада Қызылорда облысына жұмыс сапарында білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті.

Фото: Қызылорда облыстың Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі

Жиын  барысында  Қызылорда облысының бас ұстазы Ақзира Қасымова өскелең ұрпақты рухани – адамгершілікке, парасаттылыққа және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар бойынша, әділетті және парасатты тұлғаны тәрбиелеу барысында «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ»  клубтарының  маңыздылығы туралы қатысушылармен ой бөлісті.

Ғанижан Асанұлы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі әрі ұзақ мерзімді қажет ететін мемлекеттік саясат екендігін атап өтіп, ұжымда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру үшін жүйелі түрде профилактикалық шараларды өткізу қажеттігін басты назарға алуды ұсынды.

Кездесу соңында Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі  Ырза Тұрсынзада білім алушылардың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңірудегі және парасатты қоғам тәрбиелеудегі білім саласының орны орасан зор екендігін атап өтті.

Кездесуге Қызылорда қаласындағы жоғарғы және  арнаулы орта білім беру ұйымдарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысып, ал қалалық және аудандық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары мен интернаттардың директорлары Zoom платформасы арқылы қосылды.

Exit mobile version