Басты бет Медицина Елімізде өткен тәулікте 392 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 392 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус анықталған ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Мұнда кейінгі тәулікте 205 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды.

Фото: Күнту Арынбек

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 111 492-ге жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 14 711(+18);
Нұр-Сұлтанда — 14 537(+27);
Атырау облысында — 11 282(+12);
Қарағанды облысында — 10 542(+10);
Шығыс Қазақстан облысында — 9 565(+205);
Батыс Қазақстан облысында — 7 000(+8);
Шымкентте — 5 232(+1);
Алматы облысында — 5 131(+19);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 417(+17);
Павлодар облысында — 4 219(+23);
Жамбыл облысында — 4 183(+3);
Ақмола облысында — 3 684(+20);
Қостанай облысында — 3 616(+8);
Түркістан облысында — 3 414(+5);
Маңғыстау облысында — 3 392(+1);
Ақтөбе облысында — 3 305(+12);
Қызылорда облысында — 3 262(+3).

Елімізде 29 қазанның қорытындысы бойынша 128 адам COVID-19-дан айықты:

Нұр-Сұлтанда — 31;
Алматыда — 6;
Атырау облысында — 7;
Шығыс Қазақстан облысында — 24;
Жамбыл облысында — 2;
Батыс Қазақстан облысында — 1;
Қарағанды облысында — 22;
Қостанай облысында — 8;
Павлодар облысында — 4;
Солтүстік Қазақстан облысында — 23.

Бүгінге дейін барлығы 106 187 адам коронавирустан жазылды.

Exit mobile version