Гарвард университеті ғалымдарының зерттеулеріне сәйкес, теңіз өнімдерін көп мөлшерде жейтін адамдар салыстырмалы түрде 3 жылға ұзақ өмір сүреді және жүрек ауруларымен үш есе аз ауырады. 2018 жылғы жағдай бойынша ДДҰ статистикасы Қазақстанда жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлім 100 мың тұрғынға шаққанда 306-дан астам жағдай болатынын көрсетеді. Осылай еліміз әлем бойынша 8-ші орында тұр.
Сонымен қатар біздің республикамыздың теңіз өнімдерінің, соның ішінде теңіз өсімдіктерінің биоалуантүрлілігі бар Жапония немесе Оңтүстік Корея сияқты аумақтық тұрғыдан теңізге шыға алмайтыны жағдайды нашарлатады.
Мысалы, бүгінде көкөністер мен дәнді дақылдар денені жеткіліксіз мөлшерде қанықтырады. Бұл топырақтың ескіруі мен сарқылуына және ауыспалы егістің дұрыс болмауымен байланысты. Минерал және витамин жетіспеушілігі әртүрлі патологияны тудыратын ағзаның әлсіреу жағдайына әкеледі. Әсіресе, еліміздегі йод тапшылығы — өткір мәселе.
1990 жылы ЮНИСЕФ, ДДҰ және когнитив бұзылулармен күрес жөніндегі халықаралық кеңес сияқты халықаралық ұйымдар әлемнің 118 елін йод тапшылығы бар деп таныды және олардың арасында Қазақстан да бар. Эндемиялық зоб ошақтары республикамыздың 14 облысының 11-інде тіркелген.
Йод тапшылығы — гипотиреоз, кретинизм, танымдық қабілеттердің әлсіз дамуы және сүт безі аурулары сияқты жағдайлардың себебі. Жағымсыз салдардың бірі бүкіл ұлттың зияткерлік әлеуетінің төмендеуі болуы мүмкін, өйткені йод тапшылығы қалыпты болған кездің өзінде бүкіл халықтың ақыл-ой қабілеттері орташа есеппен 10-15% төмендейді.
Жоғарыда аталған барлық факторды ескере отырып, дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігін болдырмау үшін (профилактиканың) әртүрлі әдісін қолдану қажет. Профилактиканың жеке әдісіне биологиялық белсенді қоспаларды қолдану жатады.
Биоқоспалар немесе диеталық актив қоспалар — белсенді элементтері бар табиғи немесе синтезделген заттар. Олар адам ағзасына оң әсер етеді, жетіспейтін қоректік заттармен байытады. Диеталық қоспалар дәрілік зат емес. Қазақстанда биоқоспаларға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті рұқсат берген.
Диеталық қоспалар жапон қоғамында маңызды роль атқарады. Естеріңізге сала кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде атом бомбаларынан кейін Жапонияда денсаулыққа қатысты проблемалардың өсуі байқалады. Үкімет ғалымдармен бірлесе отырып, кейіннен «ұлтты құтқару бағдарламасы»деп аталатын бағдарлама жасады. Бағдарламаға сәйкес, жапондықтар диетаға теңіз өнімдері мен диеталық қоспаларды қосуы керек еді. 50 жыл ішінде жапондардың өмір сүру ұзақтығы 54 -56-дан 80 жасқа дейін өсті. Қазіргі кезде Жапонияның Денсаулық сақтау жүйесі — бүкіл әлемдегі ең дамыған жүйенің бірі.
Әртүрлі елдің сарапшылары диеталық қоспалар тапшы жағдайларды толықтыру арқылы аурулардың алдын алуға бағытталған профилактикалық медицина функциясын орындайды деп тұжырымдайды. Осыған байланысты Marine Health Group компаниясы витаминдер мен микроэлементтер кешені бар жапондық биоқоспалар мен қойылтылған өнімдерді ұсынады. Сонымен қатар өнімдердің қабылдау дозасы күнделікті тұтыну үшін оңтайлы.
Marine Health Group компаниясы жапон технологиялары мен әлемдік сапа стандарттары бойынша ББҚ өндіруге маманданған. Бір жарым жыл уақыт ішінде компания, оның негізін қалаушы Арман Тосканбаевпен бірге әлемнің 11 елінде өкілдіктер ашты.
Компания жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын болдырмау үшін «Дені сау жүрек және қантамырлар» қоспалар кешенін ұсынады. Кешенге: Vita Marine B+ теңіз кірпілерінің сығындылары, Vita Marine A+ трепанг сығындысы, Iodium Kelp қоңыр балдырлары және Spirulina микробалдырлары кіреді. Көруді жақсарту үшін «Керемет көру» жүйесі ұсынылады, оның құрамында Caroten+ асцидия сығындысы бар, оның құрамында каротиноидтар, соның ішінде лютеин мен зеаксантин көп. Сондай-ақ, пайдалы қоректік заттарға мұқтаж балалардың денсаулығын нығайтуға арналған диеталық қоспалар бар. Кешенге Spirulina, Mare’s Milk Premium саумал және Iodium Kelp кіреді. Spirulina өнімі құрамында 18 аминқышқылы бар, толық ақуыздан тұрады. Саумал Mare’ s Milk Premium өзінің құрамы бойынша ана сүтіне барынша жақын, оның құрамында ағзаға қажет 40-қа жуық биологиялық компоненттер бар.
Marine Health Group компаниясының артықшылығы — пациенттің анализдеріне негізделе отырып, қажет дозаны және биоқоспаларды тағайындайтын білікті медициналық мамандармен ынтымақтастықпен жұмыс істеуі. Дәрігердің бақылауымен диеталық қоспаларды қолдану олардың тиімділігін айтарлықтай арттырады. Сонымен қатар биоқоспалардың жұмысын дұрыс түсінуде халықпен түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары маңызды роль атқарады. Компания әр апта сайын «Денсаулық күндері» вебинарларын өткізеді. Шектеу шаралары мен жаппай іс-шараларға тыйым салуға байланысты вебинарлар әлеуметтік желілерде онлайн-режимде өтеді. Компания азаматтар арасында медицина сауатының деңгейін дамытуға осылай үлесін қосып жатыр.