Басты бет Қоғам Қызылорда облысындағы мүгедектігі бар азаматтарға электр арбалар жеткізілді

Қызылорда облысындағы мүгедектігі бар азаматтарға электр арбалар жеткізілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Мүгедек адамдарды электр жетегі бар кресло-арбалармен қамтамасыз ету" мемлекеттік тапсырмасын іске асыру мақсатында өңірлер бойынша медициналық көрсетілімі бар мүгедектігі бар адамдарға электр жетегі бар кресло-арбалар сатып алды.

Фото: Informator.news

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының қорытындысымен оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде серуендеуге арналған кресло арбаларды алуға немесе ауыстыруға мұқтаж 38 ересек, 2 мүгедек бала бар. Электр жетегі бар кресло-арбалар Қызылорда қаласына жеткізілді.

Электропривод кресло-арбалар заңнама аясында Қызылорда мен тиісті аудандардың теңгеріміне өткізілгеннен кейін мүгедектерге таратылатын болады.

Exit mobile version