Басты бет Жаңалықтар Қазақстандағы кей банктер жабылуы мүмкін

Қазақстандағы кей банктер жабылуы мүмкін

Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында кейбір банктердің банкрот болуы мүмкін екенін айтты.

Көрнекі сурет: i.kapital.kz

«Біз нашар активтер қорын құрдық. Бұл қор жұмыс істей бастайды және мұндай активтердің саны 30%-дан 8%-ға дейін төмендеді. Алайда жұмыс әлі көп. Мемлекет мұнымен айналысып жатыр. Әсіресе Ұлттық банк барлық банк жүйесіне қарайды. Біздің экономикамыз шағын, халқымыз да аз. Ал мұндай халық санымен 100 банктің болуы керек пе, жоқ па? (…) Яғни мен банктерді ірілендіру бойынша нақты қадаммен келеміз бе білмеймін, кейбір банктер банкрот болуы мүмкін», – деді Н.Назарбаев Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Президент бөлінген қаражатқа өзінің қабілеттілігін көтере алатын және экономиканы кредиттеуге қатысатын банктерге (банк акционерлерінің қатысуымен) Ұлттық банк дағдарыс жағдайында кредит беру арқылы көмектесе алатынын айтты.

«Біз қазір осы мәселемен айналысып жатырмыз және жыл соңына дейін ортақ шешімге келгіміз келеді», – деді Президент.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version