Басты бет Қоғам Қызылордада карантин талабын бақылайтын мониторинг тобы 10 мыңнан аса нысанға рейд жүргізді

Қызылордада карантин талабын бақылайтын мониторинг тобы 10 мыңнан аса нысанға рейд жүргізді

Мониторинг тобы індетпен күрестің алғашқы күнінен меншік нысанына қарамастан барлық субъектінің санитариялық-дезинфекциялық талаптарды сақтауын қадағалап, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Фото: Coronavirus-control.ru

Қызылордада 19-25 қазан күндері карантин талаптарын сақтамаған 22 заң бұзу фактісі тіркелді. Бұл заң бұзушылықтар қала әкімдігінің жанынан құрылған мониторинг тобы қалалық полиция басқармасымен бірлесіп жүргізген рейд барысында анықталды.

Бір аптада 15 дәстүрлі отбасылық той тоқтатылып, шектеу мерзімінде қызмет көрсеткен 7 компьютерлік ойын-сауық орталығына хаттама толтырылды.

Індетпен күрестің алғашқы күнінен бүгінге дейін мониторинг тобы 10 000-нан аса нысанды аралап, рейд жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан карантин режимін сақтамаған 143 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, шара көрілді.

Exit mobile version