Басты бет Қоғам Қырғызстанды уақытша басқарып отырған Садыр Жапаров отставкаға кетеді

Қырғызстанды уақытша басқарып отырған Садыр Жапаров отставкаға кетеді

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров алдағы президент сайлауына қатысады. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы 24.kg басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Садыр Жапаров. Фото: Gov.kg

Мен президент сайлауына басқаларымен бірдей қатысамын. Мені таңдаса, президент боламын, таңдамаса, болмаймын, — деді Садыр Жапаров.

Бұған дейін Қырғызстанда президент сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетітіні хабарланды. Бұл шешім қайта талқыланбайды, деп жазады 24.kg.

Ал Жогорку кенеш (парламент) депутаттарын қайта сайлау мерзімі әлі белгісіз.

Exit mobile version