Басты бет Қоғам Түркістан облысында ауылдағы интернет мәселесі бойынша call-орталық іске қосылды

Түркістан облысында ауылдағы интернет мәселесі бойынша call-орталық іске қосылды

Түркістан облысының ауылдық өңірлерінде ұялы байланыс және интернет мәселелері бойынша 109 call-орталығы іске қосылды.

Ол облыс тұрғындары мен қонақтары үшін ғаламторды барынша қолжетімді ету, тарифтерді қосу, базалық қондырғыларды орнату бойынша қоңыраулар қабылдап, кеңес беретін болады.

Сонымен қатар 109 Call-орталығы — ауыл тұрғындарының интернет тарифтерін қосу мен байланыс қызметтері бойынша тұрғындардың өтініштерін қабылдайды.

Айта кетерлігі, алдағы уақытта ұялы байланыстың нашар аймақтарында тұратын тұрғындар үшін, қашықтықтан жұмыс істеу және онлайн түрде оқыту мүмкіндігін арттыру мақсатында 3G және 4G интернет желілері толық қамтамасыз етілмек.

Exit mobile version