Басты бет Жаңалықтар Шымкент теміржол станциясында 13 вагон жолдан шығып кетті

Шымкент теміржол станциясында 13 вагон жолдан шығып кетті

Шымкенттің теміржол станциясында 13 вагон жолдан шығып кетіп, аударылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Фото: Талғат Уәли
2020 жылғы 24 қазанда сағат 02.31-де Шымкенттің теміржол станциясында №117 бағытындағы 13 вагон жолдан шығып, аударылған. Вагондар бос, құрамында 21 вагон болған.
Фото: Талғат Уәли

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға себептері анықталып жатыр. Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына да әсер еткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, һ бес жолаушы және 10 жүк пойызы тоқтап тұр. Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ҚТЖ» АҚ-ның 200 қызметкері, Шымкент, Арыс және Тараз станциясынан үш қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды, — деді Талғат Уәли.

Фото: Талғат Уәли

Оқиға орнына Шымкенттің төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері және үш техника, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және бір техникасы жұмыс істеп жатыр. Жолды босату бағытында жұмыс жүріп жатыр. 24 қазан сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін бір жол қалпына келеді деп жоспарланып отыр.

Exit mobile version