Басты бет Медицина Қазақстанда тағы 179 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда тағы 179 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 179 дерегі тіркелді, 108 адам жазылып шықты, 5 пациент қайтыс болды.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Жаңа дерек тек Түркістан облысында анықталмады. Ең көп науқас Алматыда тіркелді. Мұнда кейінгі тәулікте 44 адам COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 110 086-ға жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 14 607(+44);
Нұр-Сұлтанда — 14 373(+20);
Атырау облысында — 11 241(+9);
Қарағанды облысында — 10 464(+16);
Шығыс Қазақстан облысында — 9 090(+20);
Батыс Қазақстан облысында — 6 943(+8);
Шымкентте — 5 220(+1);
Алматы облысында — 5 059(+6);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 336(+10);
Жамбыл облысында — 4 163(+3);
Павлодар облысында — 4 115(+20);
Ақмола облысында — 3 598(+10);
Қостанай облысында — 3 568(+6);
Түркістан облысында — 3 400(+0);
Маңғыстау облысында — 3 377(+2);
Ақтөбе облысында — 3 280(+2);
Қызылорда облысында — 3 252(+2).

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 782 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 211 бала бар. 2 205 науқас стационарларда, 577 адам амбулатория жағдайында емделіп жатыр.

101 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың жағдайы аса қатты ауыр. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Exit mobile version