Басты бет Қоғам Мәжіліс депутаттарын сайлау келер жылы өтеді

Мәжіліс депутаттарын сайлау келер жылы өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын 2021 жылы 10 қаңтарда өткізу туралы жарлық шығарды.

Фото: Bnews.kz
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалсын.

2. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалсын.

3. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырсын.

4. Қазақстан Республикасы үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

5. Осы жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген жарлықта.

Exit mobile version