Басты бет Қоғам Қызылорда дәріханаларына қоғамдық бақылау күшейтілді

Қызылорда дәріханаларына қоғамдық бақылау күшейтілді

"Ақмешіт-Адалдық алаңы" жоба кеңсесі дәрі-дәрмектерге бағаның негізсіз көтерілуінің алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлайды.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тұтынушыларға дәрілік заттардың бағаларын QR-код арқылы көруге болатын ақпараттық парақшаларды Қызылордадағы дәріханалардың ақпараттық тақталарына ілу жұмыстары жүргізілді.

Егер дәріханадан сатып алынған дәрі-дәрмектердің бағасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген шекті бағадан асқан жағдайда жобалық кеңсесінің WhatsApp нөміріне +7 777 340 87 34 хабарласуға болады.

Exit mobile version