Басты бет Медицина Өткен тәулікте 115 адам коронавирус жұқтырып, 115 пациент жазылды

Өткен тәулікте 115 адам коронавирус жұқтырып, 115 пациент жазылды

Қазақстанда 19 қазанның қорытындысы бойынша 115 адамнан коронавирус анықталды. 115 пациент аурудан айықты, 3 науқас қайтыс болды.

Иллюстрация: Dribbble.com/©hector reynoso

Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 109 623-ке жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 14 539(+12);
Нұр-Сұлтанда — 14 309(+13);
Атырау облысында — 11 209(+10);
Қарағанды облысында — 10 416(+16);
Шығыс Қазақстан облысында — 9 030 (+18);
Батыс Қазақстан облысында — 6 924(+5);
Шымкентте — 5 216(+3);
Алматы облысында — 5 028(+4);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 309(+8);
Жамбыл облысында — 4 155(+2);
Павлодар облысында — 4 073(+11);
Ақмола облысында — 3 573(+6);
Қостанай облысында — 3 552(+5);
Түркістан облысында — 3 399(+0);
Маңғыстау облысында — 3 372(+0);
Ақтөбе облысында — 3 270(+1);
Қызылорда облысында — 3 249(+1).

Коронавируспен ауырып жатқандарға қатысты мәлімет

Қазіргі уақытта COVID-19 инфекцияcынан 2 679 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 125 бала бар. 2 199 науқас стационарларда, 480 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.

Науқастардың арасында 83 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың жағдайы аса қатты ауыр. 8 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Exit mobile version